НАЙЗАҒАЙ

lat: NAIZAǴAI /25/

зат. Жауын-шашын кезінде ауада жиналған электр зарядтарының бір-бірімен соқтығысуынан пайда болатын шатырлаған күшті жарқыл; жай .

Бұлтты кенет буды ашу,

Бірақ дауыл сапырды.

Көк бетін кернеп у мен шу,

Найзағай оғы атылды (1,38).


Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге,

Қоңыраулатқан аспанды

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың? (3,213).